1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні. Бұл мейрам барлық елде 1950 жылдан бері тойланып келеді.
⠀
Мақсаты: балалардың өмірін, құқығын, денсаулығын қорғап, оларға қамқорлық жасауды тағы бір еске салу. Осылайша, болашақ ұрпақтың бақытты өмірін қалыптастыру.
⠀
1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне орай "Біз бақытты баламыз" акциясы бойынша жазғы мектеп бастауыш сынып оқушыларының қатысуымен мерекелік шара өткізілді. Мерекелік шарада ән айтылып, өлең оқылып, би биленді. "Біз бақытты баламыз" тақырыбы аясында оқушылар өз қиялындағы суреттерін салды.
⠀
Жыл бойы түрлі өнер сайысына қатысып, мектебіміздің атын шығарып, жүлделі орындарға ие болған оқушыларымызға 1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күнінде алғыс хаттар және сыйлықтар табыс етілді.
⠀
Болашақ ұрпақ әрқашан бейбітшілікте өмір сүруіне және елін, жерін қорғайтын азаматтар болып өсуіне тілектеспіз!
#Qazaqstan30