14 Наурыз – Көрісу күні. Бұл күнді Амал мерекесі деп те айтады. Халық қыстан аман-есен шыққанына, көктемге аяқ басып, туыс-туған, көрші-көлеңмен жүздескеніне қуанып, қол алысып, төс қағысады. Бір-біріне деген араздық, өкпе-ренішті ұмытып, амандық тілейді.
Дәл осындай игі дәстүрді өнеге етіп, мектебіміздің жас мамандары айтулы мерекеге арнайы концерттік бағдарлама ұйымдастырды. Онда өз өнерлерін көрсетіп қана қоймай, Көрісу күнінің маңыздылығы мен мәнін ашатын сахналық көріністер де көрсетілді. Ән айтылып, би билеп келген көрермендерге керемет мерекелік көңіл-күй сыйлады. Мерекелік іс – шара өте жоғары деңгейде өтті. Көз қуантып, көңіл сүйсіндірер әдемі кеш болды!
Көрісу – жаңа жыл, жаңа өмір, жаңа күн.
Көрісу – татулық, мейірімділік, ізеттілік.