15.09.2022ж мектепішілік ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыста мектеп директоры Имангалиева Г.Б. 2022-2023 оқу жылындағы күтіп тұрған өзгерістер мен жаңа бастамаларды атап өтті. Мектеп аясындағы балалардың бос уақытын дұрыс ұйымдастыру бағытында жұмыс жасайтын 12 үйірме туралы, бастауыш, орта буын және бітіруші түлектер оқуындағы жаңалықтар баяндалды. Бүгінгі таңдағы өзекті мәселе – жыныстық тәрбие тақырыбы да өз талдауын мектебіміздің тәжірбиелі психологы Корниенко О.Б. баяндамасынан тапты.
Мектеп өміріне, бала тәрбиесіне бейжай қарамайтын барша ата-анаға алғысымыз шексіз!!!
#балажылы #балаларжылы #балаларжылы2022
#годребенка #годребенка2022