Skip to content

2023 жылдың 05 қазан күні ресми түрде «Ұстаздар күні» деп…

2023 жылдың 05 қазан күні ресми түрде «Ұстаздар күні» деп бекітілді. Осыған орай Қазақстанның барлық аймақтарында «Дублер күні» қолға алынып келеді. Дублер күнінің мақсаты: мектептегі өзін –өзі басқару жұмысын жандандыру, тұлғаның көшбасшылық қасиеттерін ашу және білім алушылардың ұйымдастырушылық қабілеттерін іске асыру. Осы күні мектептегі тәртіп биік деңгейде болды. Дублер күні – бұл оқушылар нағыз мұғалімдер бола алатын күн, сабақтарды жүргізудің маңызды екендігін сезіне алады.
Қазан айынының 04 күні дублер болатын оқушыларға мектеп директоры және ДТЖОымен нұсқаулық жүргізілді. Әр оқушы алмастыратын ұстазынан қолдау алып, сабаққа дайындық жұмысын бастаған. Биылғы «Дублер күнінде» 85 мұғалімнің сабағын мектебіміздің 10-11 сынып оқушылары жүргізді. Мектепте тәртіп қатаң деңгейде сақталып, сабақтар өз дәрежесінде өтілді.

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *