2023 жылдың 05 қыркүйегінде «Қазақстан халқының тілдері күніне» орай мектебімізде «Тілдер апталығы» жарияланды. Бүгін тілдер апталығының салтанатты ашылу салтанаты қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын және француз тілі пәндерінің мұғалімдері және мектеп оқушыларының қатысуымен жүзеге асты.
Шара мақсаты:
1. «Қазақстан халқының тілдері күнін» өз дәрежесінде атап өту;
2. Адам өміріндегі тіл рөлін ұғындыру;
3. Оқушыларды білімге, шығармашылыққа баулу болып табылады.
