Skip to content

2023 жылдың 1,2- күндері Астана қаласындағы “Ақан Құрманов атындағы №…

2023 жылдың 1,2- күндері Астана қаласындағы “Ақан Құрманов атындағы № 17 мектеп-гимназиясы” КММ-нде “Билингвалды білім беруді енгізу” тақырыбында халықаралық семинар өтті.

Францияның Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі
Дидье КАНЕСС мырза семинарға қатысушыларды құттықтап, мектептегі білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті. Әрі қарай №17 гимназиясының педагогтары өз тәжірибелерімен бөлісті,оқу жоспарларын таныстырды,билингвалды білім беру бағдарламасының жобасын талқылады. Қазақстан және Франция мектептерінің 5-11 сынып оқушылары үшін математика бойынша оқу материалына салыстырмалы талдау жүргізілді.

Біздің мектебіміз Франция Елшілігімен билингвалды оқытуды ұйымдастыру туралы шартқа қол қойды.

Билингвалды оқытумен сыныптар ашудың мақсаты:
– 2 шет тілін үйрену дағдыларын қалыптастыру.,
-француз тіліндегі лингвистикалық емес пәндерді зерттеу.,
– балалардың халықаралық олимпиадаларға қатысу мүмкіндіктерін кеңейту.,
– түлектерді Францияның жоғары техникалық жоғары оқу орындарына түсуге дайындау.
– мұғалімдердің шетелде тағылымдамадан өту мүмкіндігін кеңейту болып табылады

Билингвалды оқыту жүйесінде Астана қаласындағы №17 мектеп-гимназиясы мен Алматы қаласындағы №25 мектеп-гимназиясы білім алып келе жатыр.

@mangystau_education
@aktau_bilim_bolimi
@bagdatzhary
@rumcdo_official
@akmaraluzganbaeva

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *