2023 жылдың 17 қаңтар күні «Досбоlike: достық қолыңды ұсын» акциясының жоспарына сай мектебіміздің оқушыларының арасында «Зияткерлік академия» сабақ оқуға көмектесу» тақырыбында мектеп парламенті мүшелерінің ұйымдастыруымен ағылшын тілінен көмек алғысы келетін білім алушыларға SPEAKING CLUB жүргізілді. Алдағы уақытта осы шара жүйелі түрде жүреді деп жоспарлануда. Шараға 2 парламент мүшесі: Мухамедова Асылай және Серсембай Ару және 12 ерікті қатысушы қамтылды. Шара мақсаты:
Шығармашылық ұжымдық шығармашылық негізінде мектеп ортасында жағымды қарым-қатынасты қалыптастыру үшін жағдай жасау.
1. Шығармашылық өзара іс-қимыл жағдайында оқушылардың, педагогтардың және ата-аналардың ынтымақтастығына қажеттілікті қалыптастыруға жәрдемдесу.
2. Оқушылардың эмоционалды әл-ауқатын қамтамасыз ету үшін шығармашылық ынтымақтастық негізінде позитивті қарым-қатынастың тиімді түрлері туралы қатысушылардың түсініктерін кеңейту.
3. Бірлескен іс-әрекеттегі қарым-қатынас тәжірибесі арқылы оң қарым-қатынас құру үшін белсенді мінез-құлық дағдыларын дамыту.