2023 жылдың 19 қаңтары күні «Біртұтас тәрбие» республикалық жоспарындағы «Оқуға құштар мектеп» жобасының жоспарына сай «Мен оқыған ертегі» тақырыбында Гузеева Ю.С. жетекшілік ететін 4Г сыныбының ұйымдастырумен әдеби ертеңгілік өтті. Шарада балалар әдебиетіндегі елеулі, қызықты ертегі кейіпкерлерінің мінезін ашу, іс-әрекетін айқындау мақсатында сахналық қойылымдар мен зияткерлік сұрақтар қойылды. Шараға 29 оқушы, 5 бастауыш сынып мұғалімі, көрермен ретінде 58 оқушы қамтылды.
Шара мақсаты:
1. Оқушыларды кітап оқуға шақыру;
2. Білім алушыларды мектеп кітапханасындағы әдебиетпен таныстыру;
3. Шығармашылық арқылы білімдерін дамыту болып табылады.
