2023 жылдың 26 сәуірінде ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының жылдық жоспарына сәйкес 1 «Ә» сынып оқушыларының арасында мектебіміздің бастауыш сынып мұғалімі Рысқали Светлананың ұйымдастыруымен «Гүлдене бер,Қазақстан» атты ашық сабақ болып өтті. Ашық сабаққа барлығы 23 оқушы жұмылдырылды.
Шара мақсаты:
1. Қоғамда өздерін көрсете және өз еліне пайдалы бола алатын ұрпақ тәрбиелеу,
2. Жаңа Қазақстандық Патриотизмнің құндылықтары мен мұраттары жүйесін иеленетін білім алушы-патриот тәрбиелеу
