2023 жылдың желтоқсан айында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының «Еңбегі адал жас өрен» жобасының жоспарына сай «Мен еріктімін!» акциясын ұйымдастыруға Есенғалиева Ә.М. жетекшілік ететін 5Б,7Б сыныптары атсалысты. «Қарттар үйіне» барып, өнерлерін көрсету арқылы өздерінің адами қасиеттері мен ерікті болуға ниеттерін көрсете алды.
Шара мақсаты:
1. Оқушыларды қоғамға қызмет ете алатын азамат етіп тәрбиелеу;
2. Еріктілік арқылы бойларына мейірім, жақсылық сезімін ұялату болып табылады.
