2024 ж. қаңтар айының 19 күні күн тәртібіндегі мәселе бойынша мектебіміздің үздік 5-сынып оқушылары Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» ұйымына ресми түрде қабылдау рәсімі болып өтті. Шараға директордың тәрбие, оқу ісі жөніндегі орынбасарлары мен сынып жетекшілері қатысты. «Жас Ұлан» ұйымына барлығы 148 оқушы қабылданды:
5 «А» сыныбынан – 32 оқушы;
5 «Б» сыныбынан – 31 оқушы;
5 «В» сыныбынан – 30 оқушы;
5 «Г» сыныбынан – 30 оқушы;
5 «Д» сыныбынан – 25 оқушы.
«Жас Ұлан» ұйымының жаңа мүшелерін мектебіміздің директоры Имангалиева Г.Б. құттықтап, арнайы төсбелгілерін тақты.
Қаулы етті:
1. 5-сынып үздік оқушылары ресми түрде Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» ұйымына қабылдансын.