2024-жылдың 10-қыркүйегі күні бекітілген жоспарға сай «Білім алушылар мен мұғалімдердің өрт жағдайындағы іс-әрекеті» тақырыбында эвакуциялық оқу-жаттығуы өтті. Жаттығуға 1-ауысымның 468 оқушысы, 17 техникалық қызметкер мен 31 мұғалім қатысты. Оқу-жаттығуды өткізу барысында қатысушылар мұғалімнің нұсқауымен қатарға 2 адамнан тұру арқылы мектепте көрсетілген шығу тетіктері арқылы ғимараттан шығатынын, жүгірмей алайда тез жүріспен жүретінін және ұстаздың қолында оқушылардың тізімі болатынын білді және іс-әрекетте қолданды. Оқу-жаттығудың өтуіне жауапты маман АӘД пәнінің мұғалімі Калимуллин А.Н. Мектеп директоры Имангалиева Г.Б. білім алушыларға іс-әрекеттің реттік дұрыстылығын баяндады.
Шара мақсаты:
1. Білім алушыларды өрт жағдайында дұрыс әрекет етуге шақыру.
2. Қауіпсіздік ережелерін түсіндіру.
