Skip to content

2024 -жылдың 12-желтоқсан күні «Біртұтас тәрбие» республикалық жобасының жоспарына сай,…

2024 -жылдың 12-желтоқсан күні «Біртұтас тәрбие» республикалық жобасының жоспарына сай, Желтоқсан – бірлік және ынтымақ айында, тарих пәні апталығында мектебіміз есімін арқалаған азамат Нәсіпқали Әбуғалиұлы Марабаевтің туған күніне орай 5-сынып оқушыларын «Лицейге қабылдау рәсімі» өтті. Шараға 5 сынып, 140 оқушы, 2 ДТІЖО, 7 мұғалім қамтылды.
Шара мақсаты:
• Оқушыларды лицей оқушысы мәртебесіне ие болу салтанаты арқылы рухани тәрбиелеу;
• Мектептің негізін қалаушы тұлға Нәсіпқали Марабаевтің өмір жолы мен қызметін насихаттау;
• Бірлік пен ынтымақ құндылықтарын дәріптеу, жас ұрпаққа патриоттық сезім қалыптастыру;
• 5-сынып оқушыларын лицей өміріне бейімдеу және олардың білімге деген қызығушылығын арттыру.

Шара барысында оқушыларға Нәсіпқали Марабаевтың өмірбаяны ұсынылып, салтанатты түрде лицей оқушылары қатарына қабылдау рәсімі өтті. Сондай-ақ, 5-сынып оқушыларынан көрермен назарына ән, би, хор ұсынылды.

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *