Skip to content

2024 жылдың 13- қыркүйегі күні мектеп оқушыларының ата-аналарының қатысуымен «Өзін-өзі…

2024 жылдың 13- қыркүйегі күні мектеп оқушыларының ата-аналарының қатысуымен «Өзін-өзі ұйымдастыру және тайм-менеджмент» және 1-4 сынып ата аналарына Сапалы ұйқы:
балалардың дамуы
мен
денсаулығының
іргетасы, 5-9 сынып оқушылары ата-ан,аларына Жасөспірімдердегі
ұйқы: Оқуға және
мінез-құлыққа
әсері, 10-11 сынып оқушылары ата-аналарына Жасөспiрiмнiң
ұйқысы мен
психикалық
денсаулығы тақырыбындағы ата-аналар жиналысы өтті. Кеңеске 132 ата-ана қатысты. Ата-аналар жиналысында төмендегі мәселелер қарастырылды.

1. 2024-2025 оқу жылындағы оқу-тәрбие жұмысының жоспары
А) 2023-2024 оқу жылының қорытындысы
Б)ТОЖ-ндағы өзгерістер
В) Мектептегі үйірмелер мен секциялар туралы ақпарат
Г)Факультативтік курстар
Д)Қамқоршылық кеңес құрамы
2. Баланың күн тәртібін дұрыс құруға ата-ана ықпалы
Баяндамашы: Имангалиева Г.Б.,Идаев Ж.Е.
Тыңдалды:
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша мектеп директоры Имангалиева Гүлден Бисенбаевна сөз қозғады. Көтерілген тақырыптар шеңберінде ата-ана назарына маңызды деп танылған ақпараттар айтылды. Биылғы оқу жылын,дағы жаңашылдықтар мен өзгерістер, ескі оқу жылының қорытындысы қарастырылды. Мектептегі үйірмелер мен секциялар білім алушылардың бос уақытын тиімді пайдалануға арналған. Баланың күн тәртібін дұрыс ұйымдастыру оқушының білім алуына, достарымен қарым-қатынасына, қоғамдағы рөліне тікелей әсер ететіні айтылды.

#Біртұтас_тәрбие

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *