2024 -жылдың 13-желтоқсан күні «Біртұтас тәрбие» республикалық жобасының жоспарына сай, Желтоқсан – бірлік және ынтымақ айында «Тәуелсіздік күніне» орай Петрова Н.Ю. жетекшілік ететін 10Б сыныбының ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік – тұғырым» тақырыбында мерекелік концерті өтті. Шараға 30 оқушы, 15 мұғалім, көрермен ретінде 150 оқушы қамтылды.
Мерекелік шараның мақсаты:
•Тәуелсіздік құндылықтарын дәріптеу арқылы оқушыларға патриоттық тәрбие беру;
•Тарихи сананы қалыптастырып, жас ұрпаққа елін, жерін сүю сезімін ұялату;
•Қазақстан Республикасының тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерін насихаттау;
•Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және ұжымдық жұмысты нығайту.
Мерекелік концерт барысында оқушылар ән айтып, өлең оқып, би билеп, қойылымдар қойды. Шарада Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері мен тарихи кезеңдері баяндалды. Концерт көрермендердің ықыласына бөленіп, шара соңында белсенді қатысушыларға алғыс хаттар табысталды. Шара бірлік пен ынтымақтың, тәуелсіздікке деген құрметтің ерекше атмосферасын сыйлады.
