Skip to content

2024 жылдың 19 сәуір күні мектебіміздің жылдық жоспарына сәйкес мектепішілік…

2024 жылдың 19 сәуір күні мектебіміздің жылдық жоспарына сәйкес мектепішілік «Әке – отбасы тірегі» атты әкелер форумы болып өтті. Шараға мектеп оқушыларының әкелері жұмылдырылды. Әкелер форумының салтанатты ашылуында мектеп басшысы Имангалиева Г.Б. сөз сөйлеп, Гузеева Ю.С. жетекшілік ететін 2 «Г» сыныбының орындауында «Мой Казахстан» әні орындалды. «Ұлттық тәрбие берудегі әкенің орны» тақырыбында Маңғыстау облысы мәслихат депутаты, облыстық ата-аналар кеңесінің төрағасы Қонарбаев А.Ә. баяндамада оқыды. Баяндамада бала тәрбиесіндегі әкенің атқарар рөлі туралы, оның ішінде балаға берілу керек ұлттық тәрбиенің өзектілігі, бала мен әке арасында ынтымақтастықты нығайту деген сияқты тақырыптар қозғалды. Шара мектебіміздің АӘД пәнінің мұғалімі Калимулин А.Н. ұйымдастыруымен 10-сынып оқушылары орындауында «Салам, Бача» әнімен жалғасып, «Бүгінгі отбасындағы әке рөлі» тақырыбында «Эко-Маңғыстау» үкіметтік емес ұйымының басшысы, Ақтау қалалық мәслихатының депутаты Осин К.В сөз сөйледі. Баяндамада бұрынғы және бүгінгі отбасындағы әкенің рөлі салыстырыла отырып, бала тәрбиесіндегі әке үшін өзекті мәселелер мен олардың шешімдері сөз етілді. Баяндама мектебіміздің қазақ тілі мұғалімі Жаксыбаева Л.А. жетекшілік ететін 6 «Б» сынып оқушыларының орындауында испан биімен жалғасты. Сондай-ақ әкелер мектебіміздің қазақ тілі мұғалімі Амирсеит А.Қ. ұйымдастыруымен «Ата-анамның телефоны болуды армандаймын» атты мектеп оқушыларының орындауындағы көріністі тамашалады. Әкелер мектебіміздің психолог мамандары Авезова З.Я. мен Корниенко О. ұйымдастыруымен «Мен және Әкем» атты психологиялық тренингке қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісе отырып, жаңа тың идеяларды игерді. Мектепішілік форум музыка пәнінің мұғалімі Джумагулова Э.С. орындауында «Жан Әке» әнімен, белсенді әкелерді мараппаттау мен кері байланыс орнату арқылы өз мәресіне жетті. Шара мақсаты:
1. Отбасындағы әкенің міндеттері мен жауапкершілігін қалыптастыра отырып, балаларды ұлттық рухта тәрбиелеп, әдеп-ғұрыпты, салт-дәстүрді насихаттап санасына сіңіру;
2. Бала тәрбиесіндегіәкелердің үлесін арттыру.

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *