2024 жылдың 2-қыркүйегі күні Қазақстан Республикасының оқу-ағарту министрлігінің ұсынуымен «Менің Отаным – Қазақстан» тақырыбында дәстүрлі, жалпы республикалық сынып сағаттар легі өтті. Сынып сағаты 1-11 сынып оқушыларын қамтыды. Биыл мектебімізде 1372 оқушы 2 ауысымда білім алуда. Барлық сыныптар жас ерекшелігіне сай тақырыпқа тоқталды.
Шара мақсаты:
1. Білім алушыларға патриотизм сезімін қаплыптастыру;
2. 2024-25 оқу жылына бағыт көрсету;
3. Сынып ішіндегі татулықты нығайту.
