2024 -жылдың 2 – желтоқсан күні Желтоқсан – бірлік және ынтымақ айында «Біртұтас тәрбие» республикалық жобасының және «Оқуға құштар мектеп» жобасының жоспарына сай ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Евстигнеева М.Л. ұйымдастыруымен мектебіміздің кітапханасында «Ағылшын тілінде ертегі оқимыз» тақырыбында танымдық сабақ өтті. Сабақ барысында ертегілердің түрлері мен тәрбиелік мәні талқылынды. Шараға 3-5 сынып оқуышларынан 15 білім алушы, 1 мұғалім, 1 кітапханашы қамтылды.
Шара мақсаты:
1. Оқушыларды әлем әдебиетін тануға шақыру;
2. Кітап оқуға қызықтыру.
