2024 жылдың 21-мамырында «Н.Марабаев атындағы №7 мектеп-лицейі» КММ-нде Жетекші мектеп семинары серіктес мектептер желісі аясынлда "Оқытудағы кедергілерді анықтау және оларды жою әдістемесі" тақырыбында семинар өтті. Семинар мақсаты оқытудағы барлық кедергілерді талдау және Lesson study and Action research қолдану бойынша мұғалімдерді әдістемелік сүйемелдеу. Оқушыларды оқытудағы ықтимал кедергілерді және олардың оқуға деген ынтасын сақтау мақсатында оқушыларға қолдау көрсету әдістерін анықтау болып табылады. Шарада IT лицейінің, №2 ЖББОМ, №6 ЖББОМ және №7 мепктеп-лицейі мұғалімдерінен құралған жеті спикер өз пікірлерімен бөлісті. Семинар тақырбына бағытталған мәселені шешу жолдары талқыланып, мамандардың ұсынысы тыңдалды.
