Skip to content

2024 жылдың 22-қараша күні ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жоспар есебіне…

2024 жылдың 22-қараша күні ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жоспар есебіне сай 1-11 сынып оқушыларының ата-аналарына жиналыс өткізілді. Жиналыста көтерілген тақырып пен тармақшалары төмендегідей:
.
Шешімдер:
1. 1-4 сынып:
• Назар аударуды дамытуға арналған әдіс-тәсілдер сыныпта қолданылып, ата-аналарға ұсыныстар беріледі.
• Мұғалімдер мен ата-аналар балаларды ойындар мен тапсырмалар арқылы зейінді шоғырландыруға ынталандырады.
2. 5-9 сынып:
• Жадыны дамытуға арналған мнемоникалық тәсілдер тәжірибеге енгізіліп, сабақта қолдану жоспарланады.
• Ата-аналар мен мұғалімдер балалардың есте сақтау қабілетін дамытуға арналған практикалық ұсыныстарды бірлесе жүзеге асырады.
3. 10-11 сынып:
• Оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеу қабілеттерін арттыру үшін арнайы тренингтер мен іс-шаралар ұйымдастырылады.
• Ата-аналарға балалардың өзін-өзі тәрбиелеуіне жағдай жасау бойынша әдістемелік кеңес беріледі.
4. Суицидтің алдын алу бойынша:
• Әр сынып жетекшісі оқушылардың эмоционалды жағдайына мониторинг жүргізіп отырады.
• Мектеп психологы ата-аналар мен мұғалімдер үшін тұрақты семинарлар мен консультациялар өткізеді.
• Ата-аналар мен педагогтарға балалардың психологиялық жағдайын тұрақтандыруға бағытталған қосымша әдебиеттер ұсынылады.
• Төтенше жағдайларда әрекет ету үшін мектепте сенім телефоны мен мамандарға жедел хабарласу тәртібі енгізіледі.

Жиналысқа 1-4 сынып ата-аналар саны – 10;
5-9 сынып ата-аналар саны – 10
10-11 сынып ата-аналар саны – 7

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *