2024 жылдың 27 сәуірде мектебіміздің жылдық жоспарына сәйкес мектеп ауласын тазалау бойынша сенбілік өтті. Мектеп аумағын жинастырудың іс-шаралар жоспары жасалды, әр сыныпқа учаске бекітілді. Шараға мектеп педагогтары мен 3-8 сынып оқушылары, барлығы 731 оқушы қатысты.
Шара мақсаты:
1. Оқушыларға экологиялық тәрбие бере отырып, қоршаған ортаны қорғауға баулу.
2. Оқушыларды қоршаған ортаны таза ұстауға шақыру.
#тазақазақстан