2024 жылдың 31 мамырында мектебіміздің жылдық жоспарына және республикалық “Біртұтас тәрбие” бағдарламасына сәйкес 1 маусым – Балаларды қорғау күніне байланысты мерекелік іс-шара өтті. Шарада балаларға арналған қызықты ойындар, эстафеталар болып өтті және мектебіміздің 8 сынып оқушысы Аккушимов Дени, 5 сынып оқушылары Стаборник Юлия, Қуанышева Сая, 4 сыныптар өз өнерлерін паш етті. Шараға барлығы 103 оқушы жұмылдырылып, 70 оқушыға тәттілер, 15 оқушыға сыйлықтар және әлеуметтік педагог ұсынған тізімлегі 10 оқушыға арнайы сыйлықтар табыс етілді.
Шара мақсаты:
1) Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту;
2) Оқушыларды салауатты өмір салтына ынталандыру болып табылады;
3) Мерекені өз деңгейінде тойлау, балалар құқығын қорғау.