2024 жылдың 7-қазаны күні мектебіміздің бастауыш сынып мұғалімі Өтеп Жансұлу Қазиқызы, математика пәні мұғалімі Карджаува Жаңыл Коскулаковна, орыс тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі жарияланған "Еңбек ардагері" медалінің иегерлері атанды. "Қазақстанның Еңбек Ері" атағы Қазақстан Республикасын экономикалық, әлеуметтік-гуманитарлық дамытудағы аса үздік жетістіктері үшін беріледі. Ал “Ы.Алтынсарин”атындағы төсбелгі орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Турашева А.Е. берілді. Әріптестеріміз білім беру саласына сіңірген еңбегі үшін марапатталуда. Мектеп директоры Имангалиева Г.Б. бастауымен марапатталған мұғлімдерді мектеп қабырғасында құтықтап, құрмет көрсету рәсімін өткізді. Рәсімге мектеп оқушылары мен ұстаздар қауымы қатысып, құттықтау сөздерін айтты.
Бағындырар белестеріңіз таусылмасын, құрметті ұстаздар!