2024 жылдың қаңтар айында мектебіміздің 1-11 сынып қыз балаларының арасында «Бұрымды қыз» байқауы ұйымдастырылды. Шараға 165 қыз қатысуға тіркелді. Қаңтардың соңғы күніне дейін бастауыш сыныптардан 76 оқушы, 5-6 сыныптардан 14 оқушы, 7 сыныптан 1 оқушы, 8 сыныптан 1 оқушы байқау шартын ұстанды. Байқау талаптарын тексеріп, күнделікті тексеріс жұмыстарын жүргізген аға тәлмігер Серікбаева Ж.А. Ұтысқа ұсынылған сұлулық салонының сертификатын 2А сынып оқушысы Хамзина Мэрьям инг 3В сынып оқушысы Белоногова Анастасия жеңіп алды. Қыздардың байқау шартын толық ұстанып, бұрымдарын түзегені үшін оқушылар мен ата-аналарына алғыс білдіреміз!!!
Шара мақсаты:
1. Қыз балаларды ұлттық құндылықтарды ұстануға шақыру;
2. Сұлулыққа тарту;
3. Тәртіпке үйрету болып табылады.
