2024 жылдың сәуір айында №5 шағын ауданында орналасқан №16 “Бөбек” балабақшасының мектеп алды даярлық тобының бүлдіршіндері мектебімізде қонақта болды. Мақсаты болашақ 1-сынып оқушыларын мектеп өмірімен таныстыру және мектеп қабырғасын көрсету болды. Шараға бастауыш сынып мұғалімдері мен балабақша тәрбиешілері ат салысты.
