2025 жылдың 1 желтоқсаны күні «Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасының жоспарына сай желтоқсан айы – «Бірлік және ынтымақ» құндылығы аясында 20-қараша “Дүниежүзілік балалар күні: балаларға арналған өмір” тақырыбында Турашева А.Е. жетекшілік ететін 6Г сынып оқушыларының қатысуымен сынып сағаты өтті. Шараға 27 оқушы, 2 мұғалім қамтылды.
Сынып сағаты барысында оқушыларға «Дүниежүзілік балалар күні» туралы тарихи мәліметтер беріліп, балалар құқықтары мен міндеттері түсіндірілді. Оқушылар тақырыпқа байланысты бейнероликтер көріп, топтық жұмыс арқылы өз ойларын ортаға салды.
Сонымен бірге, «Әр бала — бір жұлдыз» атты шағын талқылау ұйымдастырылып, оқушылар бір-біріне қолдау көрсету, мейірім таныту, бірлік пен ынтымақтың маңызын талқылады.
Шара соңында оқушылар өз көзқарастарын қағаз бетіне түсіріп, «Бақытты балалық шақ» атты ортақ постер дайындады. Іс-шараның тәрбиелік мәні жоғары болып, оқушыларға бірлік, достық және өзара түсіністік құндылықтарын дәріптеуге мүмкіндік берді.








