Skip to content

2025 жылдың 12-желтоқсан күні «Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасының жоспарына…

2025 жылдың 12-желтоқсан күні «Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасының жоспарына сай, Желтоқсан айының «Бірлік және ынтымақ» құндылығы аясында «Қатігездіксіз және зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбында Аңшыбаева Ә.Б. мен Алдабергенова Ж.М. ұйымдастыруымен 5д,5в,5е сынып оқушыларының қатысуымен буллингтің алдын алу мақсатындағы танымдық сабақ өтті.шараға 69 оқушы, 5 мұғалім қамтылды.
Сабақ барысында оқушыларға буллингтің түрлері, оның психологиялық және әлеуметтік салдары туралы түсінік берілді. Мұғалімдер агрессияның алдын алу жолдары, қиын жағдайларда көмек сұрау дағдылары, құрдастар арасындағы өзара құрмет пен қолдау мәдениетінің маңызы туралы ақпаратпен бөлісті.
Оқушылар түрлі жағдаяттық тапсырмалар орындап, топтық талқылаулар арқылы жанжалсыз қарым-қатынас тәсілдерін үйренді. Шараның негізгі мақсаты – мектепте қауіпсіз, мейірімді және қолайлы орта қалыптастыру, балаларды өзара сыйластық пен адамгершілікке тәрбиелеу, буллингтің алдын алу болды.

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *