2025-жылдың 13-20-наурызы күндері мектебіміздің 5-11 сынып оқушы қыздарының арасында “Бұрымды ару” акциясы өтті. Қыздар шаштарын өріп, ұлттық әшекей бұйымдарын тағып жүру арқылы ерекшелену керек болатын. Акцияға жүйелі қатысқан оқушыларға мақтау қағазы мен бонусты сыйлық берілді.
Шара мақсаты:
Қыз баласының табиғи сұлулығын ұлттық құндылық тұрғысынан бағалау, оқушыларды тәрбие мен тәртіпке үйрету.