2025 жылдың 15-желтоқсан күні «Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасының жоспарына сай, Желтоқсан айының «Бірлік және ынтымақ» құндылығы аясында 10Б сынып оқушылары Кенжеғали Ернұр мен Кожабаева Адия «Күмәнді табыс көздері» қауіпсіздік сабағында өз пікірлерін қорғады. Шараға 23 оқушы,1 сынып жетекші қамтылды.
Шара барысында оқушылар күмәнді табыс көздерінің түрлерін талқылап, олардың қоғам мен жеке тұлғаға тигізетін кері әсері туралы ой бөлісті. Қауіпсіздік сабағы барысында қаржылық сауаттылықты арттыру, заңды және адал еңбектің маңыздылығын түсіндіру, интернет алаяқтықтан сақтану жолдары қарастырылды. Сабақ оқушылардың сыни ойлау қабілетін дамытуға, өз көзқарастарын дәлелді түрде қорғауға және жауапты азаматтық ұстаным қалыптастыруға ықпал етті.





