2025-жылдың 17-қарашасы күні «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының жоспарына сай «Әділдік және жауапкершілік» құндылығының аясында «Адал азамат – Адал еңбек – Адал табыс» тақырыбында 1-11 сынып оқуышларының қатысуымен сынып сағаттар легі өтті. Шараға 1015 оқушы, 35 мұғалім қамтылды.
Сынып сағаттары барысында оқушыларға адалдық, әділдік, жауапкершілік, еңбектің қадірін білу, адал табыс табудың маңыздылығы туралы түсінік берілді. Әр сынып деңгейіне лайықталған бейнематериалдар, шағын презентациялар және пікірталас элементтері қолданылды.
Тәрбие сағаттарында оқушылар адал еңбектің қоғамдағы рөлі, адамның жеке дамуына әсері, еңбексүйгіштік қасиеттің маңыздылығы жайлы өз ойларын ортаға салды. Жоғары сыныптарда «адал табыс», «жемқорлықтың зияны», «әділетті қоғам құру жолдары» тақырыптарында сұрақ-жауап ұйымдастырылып, өмірлік мысалдар талқыланды.





