Skip to content

2025 жылдың 18-25 маусым аралығында Алматы қаласында командалық іріктеу турнирі…

2025 жылдың 18-25 маусым аралығында Алматы қаласында командалық іріктеу турнирі өтті.Бұл турнирде Қазақстанның ең үздік мектеп командалары FIDE WORLD Schools Team Championship чемпионатында ел намысын қорғау құқығы үшін лицей оқушыларынан құралған команда өз бақтарын сынап қатысып келді.Команда құрамында келесі жас шахматшыларымыз бар:
1. Амирова Алсу Саиновна
2. Узакбаев Дамир Артурович
3. ⁠Досан Данияр Қайратұлы
4. Рустамов Амир Сабухи оглы

Оқушыларымыз алғашқы турнирде жеңіске жетпесе де,жақсы ойын көрсете білді.Ақтау қаласының тумасы,біздің лицейімізде бастауыш сыныпта оқыған,әлемнің ең жас гроссмейстері Эдгар Мамедовпен кездесіп,есте қаларлық жағымды әсер алып қайтты.Осы турнирге қатысуға қолдау білдіріп,сүйемелдеген ата-аналарға,жаттықтырушы А.С.Саркисовке және Алматы қаласына жетекшілік етіп апарған Ж.Е.Идаевқа алғысымызды білдіріп,оқушыларымызды жоғары дәрежелі сайыста алғашқы рет көрсеткен жақсы нәтижелерімен құттықтаймыз!

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *