Skip to content

2025-жылдың 23-сәуірі күні Маңғыстау облысы ПД ҚІЖК бастығының орынбасары полиция…

2025-жылдың 23-сәуірі күні Маңғыстау облысы ПД ҚІЖК бастығының орынбасары полиция подполковнигі С. Б. Рысқалиев
Маңғыстау облысы ПД ҚІЖК аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі полиция майоры А. А. Жанғабаевпен кездесу өтті. Кездесу барысында полиция қызметкерлері оқушылармен келесі маңызды тақырыптар бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді:
1. Дроппер (Dropper) — заңсыз қаржылық операцияларға араласу.
ҚР Қылмыстық кодексінің 262-бабы (“Қылмыстық топ құру және оған қатысу”) және 190-бабы (“Алаяқтық”) бойынша бұл әрекеттер қылмыстық жауапкершілікке әкеледі. Жасөспірімдерге банктік карталарды бөтен адамдарға беру, өз атынан шот ашу және күмәнді транзакцияларға қатысу заңсыз екені түсіндірілді.
2. Буллинг (қудалау, мазақ ету) — білім беру мекемелеріндегі психологиялық зорлық-зомбылық.
ҚР “Білім туралы” Заңының 44-бабы, 9-тармағына сәйкес білім беру ұйымдарында қатыгездік пен қорлауға жол бермеу міндеттелген. Сондай-ақ, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-1-бабы (“Денсаулыққа жеңіл зиян келтіру”) мен 131-бабы (“Қорлау”) да бұл әрекеттерге әкімшілік жауапкершілік қарастырады.
3. Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңсыз жүруі
ҚР ӘҚБтК 442-бабының 2-бөлігіне сәйкес, сағат 22:00-ден кейін заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз кәмелетке толмағандардың ойын-сауық мекемелерінде немесе қоғамдық орындарда жүруі әкімшілік құқық бұзушылық болып табылады. Бұл жағдайда ата-аналарға немесе заңды өкілдеріне айыппұл салынуы мүмкін.

Қорытынды:
Кездесу барысында оқушылар құқықтық сауаттылықтарын арттырып, нақты заң талаптарымен танысты. Полицейлердің мысалдар арқылы түсіндіруі оқушылардың қызығушылығын тудырды. Осындай кездесулердің жүйелі түрде өткізілуі жасөспірімдердің құқық бұзушылықтан аулақ болуына ықпал етеді.

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *