Skip to content

2025 жылдың 25 қарашасында «Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасының жоспарына…

2025 жылдың 25 қарашасында «Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасының жоспарына сай «Әділдік және жауапкершілік» құндылығы аясында «Өз іс-әрекеттері үшін жауапкершілік» тақырыбында Сахиева Ж.Х. жетекшілік ететін 7В сынып оқушыларының қатысуымен сыцнып сағаты өтті. Шараға көрермен ретінде 53 оқушы, жалпы 70 оқушы, 3 мұғалім қамтылды. Сынып сағаты барысында оқушыларға жауапкершіліктің маңызы, өз іс-әрекеттерінің салдары, әділдік қағидаттары және күнделікті өмірде жауапкершілік танытудың жолдары түсіндірілді. Тақырып бойынша түрлі жағдаяттар талданып, оқушылар өз ойларын ортаға салды.
Шара интерактивті түрде өтті: пікірталас, сұрақ-жауап, топтық жұмыс элементтері қолданылды. Оқушылар жауапкершілік туралы бейнеролик көріп, өз тәжірибелерімен бөлісті.
Сынып сағаты оқушылардың құқықтық және тұлғалық мәдениетін арттыруға, сондай-ақ саналы азаматтық ұстаным қалыптастыруға бағытталды.

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *