2025 жылдың 25 қарашасында «Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасының жоспарына сай Желтоқсан айы, «Бірлік және ынтымақ» құндылығы аясында 10–11 сынып оқушыларының қатысуымен «Ертежүктіліктің алдын алу» тақырыбында танымдық сабақ өткізілді. Іс-шараға 120 оқушы, 5 сынып жетекші және 2 ДТЖО қамтылды.
Шараның мақсаты:
Жасөспірімдер арасында ерте жүктіліктің себептері мен салдары туралы түсінік қалыптастыру, жауапкершілік, өзін-өзі қорғау, жеке шекара және саналы таңдау жасау мәдениетін дамыту. Сонымен қатар, денсаулықтың құндылығын түсіндіру, қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру және алдын алу шаралары туралы жан-жақты ақпарат беру.










