2025-жылдың 3-қарашасы күні «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының жоспарына сай «Әділдік және жауапкершілік» құндылығының аясында Амирсеит А.Қ. жетекшілік ететін 10Б сынып оқушысы Чагина Алина «Интернет тәуелділік және онлайн ойындардың қауіптілігі» тақырыбында ойын қорғады. Шараға 1 мұғалім, 23 оқушы қамтылды.
Оқушы интернет тәуелділігінің жастар психологиясына әсері, онлайн ойындардың зиянды тұстары және одан сақтану жолдары туралы өз зерттеуін ұсынды. Іс-шара барысында оқушылар тақырып бойынша пікір алмасып, жауапкершілік пен өзін-өзі бақылаудың маңыздылығын атап өтті.
Іс-шараның мақсаты – жасөспірімдердің саналы көзқарасын қалыптастыру, цифрлық мәдениетті арттыру және интернетті қауіпсіз пайдалану мәдениетін насихаттау.



