2025-жылдың 3-қазанында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының жоспарына сай мектебіміздің 10-11 сынып оқушылары ұстаздар қауымына «дублер» болып, сабақ жүргізді.
Бұл шараның мақсаты — оқушылардың ұстаз еңбегін құрметтеуіне, жауапкершілікті сезінуіне, мұғалім мамандығының қадірін түсінуіне ықпал ету.
Оқушылар өздерін мұғалім ретінде сезініп, сабаққа дайындалып, сынып алдында білімдерін ортаға салды. Ал ұстаздар болса, олардың еңбегіне бақылаушы ретінде қатысып, бағыт-бағдар берді. Шараға 58 оқушы қамтылды.
Шара соңында «дублер» болған оқушылар алған әсерлерімен бөлісіп, мұғалім мамандығының үлкен еңбекті, табандылықты және шыдамдылықты қажет ететінін түсінгендіктерін атап өтті.
