2025 жылдың 8-желтоқсан күні «Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасының жоспарына сай Желтоқсан айы, «Бірлік және ынтымақ» құндылығы мен «Ұшқыр ой алаңы» жобасы аясында тарих пәні мұғалімдері Идаев Ж.Е. пен Зайниев Б.Р. ұйымдастырумен тарихи куиз өтті. Шараға 10-11 сынып оқушылары қатысты. Қатысушы 20 оқушы, көрермен ретінде 65 оқушы қамтылды.
Шараның мақсаты — оқушылардың тарихи білімін тереңдету, қызығушылығын арттыру, ойлау және талдау қабілеттерін дамыту, сондай-ақ топпен жұмыс жасау дағдыларын жетілдіру. Сонымен қатар, оқушылардың ұлттық құндылықтарға деген құрметін қалыптастыру, тарихқа деген сүйіспеншілігін арттыру және зияткерлік орта құру көзделді.
