Skip to content

2025 жылдың 8-желтоқсан күні «Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасының жоспарына…

2025 жылдың 8-желтоқсан күні «Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасының жоспарына сай, Желтоқсан айының «Бірлік және ынтымақ» құндылығы аясында білім алушылар арасында «Адалдық өзімнен басталады» атты акция өтті.
Акция барысында Зайниев Б.Р. 6-сынып оқушыларымен кездесу өткізіп, оларды адалдық, жемқорлық, заң ұғымдарымен таныстырды. Оқушылар күнделікті өмірде адал болудың маңызы, сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тигізетін зияны туралы ақпарат алды. Шараға 129 оқушы, 6 мұғалім қамтылды.
Сонымен бірге, оқушыларға жеке жауапкершілік, әділдік және адамгершілік құндылықтарын сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Шараның мақсаты – жас буынның бойында адалдық мәдениетін қалыптастыру, заңдылықты құрметтеуге тәрбиелеу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарас қалыптастыру болды.

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *