2025 жылдың 9-желтоқсан күні «Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасының жоспарына сай Желтоқсан айы, «Бірлік және ынтымақ» құндылығы мен «Еңбегі адал -жас өрен» жобасы аясында «Мамандықтар әлемін ашамыз» тақырыбында AirAstana әуе компаниясының қызметкерлерімен мектебіміздің 9-11 сынып оқушыларымен кездесу өтті. Шараға 75 оқушы қамтылды.
Шара барысында қонақтар авиасаладағы түрлі мамандықтармен таныстырып, олардың жауапкершілігі, кәсіби талаптары және болашақтағы мүмкіндіктері туралы кең көлемді ақпарат берді. Оқушылар ұшқыш, бортсерік, инженер, авиациялық қауіпсіздік маманы секілді қызметтердің қыр-сырын біліп, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды.
