2025 жылғы 10 желтоқсанда Ақтау қаласындағы IT мектеп-лицейінің базасында «School OS: Білім сапасын нығайтудағы цифрлық трансформация» тақырыбында облыстық семинар өтті. Семинарға аудан бойынша әдістемелік кабинет қызметкерлері, мектеп директорларының оқу-тәрбие жөніндегі орынбасарлары, бейіндік оқыту бойынша орынбасарлары және пән мұғалімдері қатысты. Жалпы қатысушылар саны – 100 адамды құрады.
2. Мектебіміздің қатысушылары
Біздің мектептен семинар жұмысына төмендегі мұғалімдер қатысты:
Идаев Ж.Е. – Тарих пәні мұғалімі.
Қойшыбаева А.Т. – Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.
Мұстақова Г.М. – География пәні мұғалімі.
Турашева А.Е. – Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.
Қатысушылар жеке секциялар бойынша жұмыс жасады. Бұл бөлім екі негізгі бағытқа бөлінді:
Мектеп басшыларына арналған бағыт (Директорлар/орынбасарлар):
Бұл секцияда Мұстақова Г.М. (География пәні мұғалімі) және басшылық құрам жұмыс жасады.
Негізгі тақырыптар: “School OS: Білім сапасын нығайтудағы цифрлық трансформация”, “Кризистік менеджмент”, “Ішкі-сыртқы бақылау: аналитика, есеп, даму” және “Smart-аналитика: SOP/СОЧ”.
Пән мұғалімдеріне арналған секциялар (Мұғалімдер):
«CODE: Developers» (Қостау қатысушылар) бағдарламасы бойынша: Сагитдинова С. “ЖИ арқылы сандық арттырудың инновациялық тәсілі” тақырыбында баяндама жасады. Қойшыбаева А.Т. (Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі) бұл секцияға қатысып, “Тілім менің тірлігімнің айғағы” тақырыбындағы әріптесінің жұмысымен танысты.
«TOOLS & PLUGINS: Құралдар» шеберлік сабақтар тобында: Турашева А.Е. (Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі) “Волшебный мир сказки” тақырыбын қамтыған әріптесінің жұмысын тыңдады.
«GOLD STANDARD» (Алтын стандарт) – үздік сабақтар: Бұл бөлімде Кемал М.Ж. (Тарих пәні мұғалімі) “Түріктердің материалдық және рухани мәдениеті” тақырыбында (6-сынып) баяндама жасады. Бұл жұмыс біздің тарих пәні мұғалімі Идаев Ж.Е. үшін өзекті болды.
Мектебіміздің қатысушылары алған білімдерін әріптестерімен бөлісіп, оқу процесінде қолдану бойынша жұмыстар жүргізетін болады.
