26.04.2023 күні 1-мамыр «Қазақстан халықтарының бірлігі күні» мерекесіне орай мектебіміздің 5-6 сынып оқушылары арасында мерекелік іс-шара өтті. Шараға әр сыныпқа елімізді мекен ететін ұлттар бөлініп беріліп, оқушылар сол бойынша халық туралы танымдық ақпараттар айтып, өнер көрсетті. Әр ұлттың ұлттық киімдерін киіп, шараны жоғары деңгейде өткізуге септігін тигізді.
5А,6А- қазақ халқы
5Б,6Б – орыс халқы
5В,6В- кәріс халқы
5Г,6Г- әзірбайжан халқы
5Д,6Д- украин халқы
5Е- грузин халқы
Шара мақсаты:
1. Еліміздің тұтастығы мен бірлігін сақтау;
2. Оқушыларды әр ұлттың дәстүрін құрметтеуге шақыру;
3. Оқушыларды шығармашылыққа баулу болып табылады.
