Skip to content

27.10.2023 күні қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімдері Басанова Әдемі…

27.10.2023 күні қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімдері Басанова Әдемі мен Бейсенова Ақкүміс 3-4 сынып оқушыларынан тұратын 34 бала қатысқан танымдық-айдарлы сабақ өтті. Ұлттық ойындардың ұлт тәрбиесіндегі рөлін ашып көрсету мақсатында ойын түрлері оқуышылар қатысуымен ойнатылды. Ұлттық би мен өлең оқу өнері де көрсетілді. Қамқоршылық кеңесінің мектепке сыйлаған ұлттық ойын түрі – ләңгі алдағы уақытта оқушыларымыздың қолданысында болады. Іс-шарада ойнатылған ойындар:
1. арқан тартыс
2. асық
3. ләңгі
4. бұқа тартыс
5. ақ сандық, көк сандық
6. теңге ату
7. арынды арқан.
Іс-шара мақсаты:
1. Оқушыларды спортқа шақыру
2. Ұлттық ойындар арқылы салауатты өмір салтын насихаттау
3. Ұлтымыздың тарихы мен мәдениетін таныту
4. Ұлтаралық достықты нығайту болып табылады.

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *