2025 жылдың 27 қарашасы күні “Н.Марабаев атындағы №7 мектеп-лицейі” КММ-інде
Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің ғылыми жобасына сәйкес кездесу өткізілді.
Шара Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі қаржыландыратын «Қостілді және көптілді балалардың әлеуметтік, лингвистикалық, психолингвистикалық, лексико-грамматикалық аспектілердегі тілдік және метатанымдық рефлексиялары» тақырыбындағы ғылыми жобаны іске асыру аясында ұйымдастырылды.
Кездесуді филология ғылымдарының кандидаты, доцент О.А. Жумагулова,
филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Г.Т. Тлеубердина,
филология ғылымдарының магистрі И.С. Каирбекова,
педагогика ғылымдарының магистрі В.В. Барыбина,
педагогика ғылымдарының магистрі Д.А. Ерғалиева жүргізді.
Кездесудің мақсаты – әртүрлі этникалық топ балаларының көпмәдениетті ойлауын дамыту үдерісін зерттеуге бағытталған 6 жастан 10 жасқа дейінгі оқушылармен лингвистикалық тренингтер мен арнайы тапсырмалар өткізу болды.
Шараға бастауыш сынып оқушылары қатысты, барлық үдеріс мектеп әкімшілігінің келісімімен, педагогикалық стандарттарға толық сәйкес жүргізілді.





