DOSBOLLIKE – оқушылар арасында достық, командалық рух, өзара құрмет және белсенді өмір салтын насихаттауға бағытталған мектепішілік жоба. Жобаның мақсаты – жасөспірімдердің қарым-қатынас мәдениетін нығайту, салауатты өмір салтына қызығушылығын арттыру және спорт арқылы достық байланыстарды дамыту.
Осы жобаның жылдық жоспарына сәйкес «СПОРТТАҒЫ ДОСТЫҚ» тақырыбында 9–11 сынып ер балаларының арасында қол күрестен (армрестлинг) жарыс өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты –
оқушылар арасында достық атмосфера құру, бір-бірін қолдау, әділ бәсекелестік қағидасын сақтау, сондай-ақ күш-жігерді, төзімділікті және спортқа деген қызығушылықты дамыту.
Жарысқа 9, 10 және 11 сыныптардан белсенді оқушылар қатысып, өз күштері мен шеберліктерін көрсетті. Қол күрес жарысы қызу тартысқа толы, достық ахуалда өтті. Қатысушылар бір-бірін жігерлендіріп, қолдау білдіріп отырды.
Іс-шара барысында қауіпсіздік талаптары қатаң сақталып, әділқазылар жеңімпаздарды ашық және әділ бағалады.
Қорытынды:
Жарыс жоғары деңгейде өтті, оқушылар белсенділік танытты. Іс-шара DOSBOLLIKE жобасының негізгі құндылықтары – достық, құрмет, ынтымақ – шеңберінде ұйымдастырылды.







