Skip to content

1. 1-4 сынып: Балалардың қауіпсіздігі – ересектердің қамқорлығы Баяндамашы: Юркина…

1. 1-4 сынып: Балалардың қауіпсіздігі – ересектердің қамқорлығы
Баяндамашы: Юркина Н.М.
• Балалардың назарын аударуды дамыту мәселесінің маңыздылығы мен қажеттілігі талқыланды.
• Назар аударудың негізгі қасиеттері (тұрақтылығы, бөлінуі, шоғырлануы, көлемі) түсіндірілді.
• Назар аударуды дамыту әдістері мен тәсілдері ұсынылды.
• Үй жағдайында қолдануға арналған практикалық тапсырмалар мен ойындар таныстырылды.
• Ата-аналар өз тәжірибелерімен бөлісіп, сұрақтарына жауап алды.
2. 5-9 сынып: Балаңыз төтенше жағдайға дайын ба?
Баяндамашы: Масумова С.М., Амирсеит А.Қ.
• Төтенше жағдайлардың ерекшеліктері мен қауіп-қатерлері түсіндірілді.
• Төтенше жағдайлар кезінде нақты шаралар қабылдау жолдары айтылды.
• Баланың төтенше жағдайдағы мінез-құлқының негізгі қағидалары қарастырылды.
• Өзін-өзі бақылау және сабыр сақтау дағдыларының маңыздылығы айтылды.
• Күтпеген қауіп кезінде адам өмірін сақтап қалу үшін іс-қимыл алгоритмдері ұсынылды.
• Ата-аналарға төтенше жағдайлар кезінде балаларымен бірге орындауға болатын практикалық жаттығулар берілді.
3. 10-11 сынып: Жеке қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру
Баяндамашы: Петрова Н.Ю., Яхшыбаева З.В.
• Жеке қауіпсіздік мәдениетінің мәні мен маңызы түсіндірілді.
• Отбасында жеке қауіпсіздік дағдыларын сіңірудің маңыздылығы талқыланды.
• Мінез-құлық этикасын және жеке қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру жолдары ұсынылды.
• Күнделікті өмірде жеке қауіпсіздік нормаларын сақтау туралы практикалық кеңестер берілді.
• Ата-аналар жеке қауіпсіздікке байланысты сұрақтар қойып, пайдалы ақпарат алды.

Шешімдер:
1. Ата-аналарға балалардың назарын дамытуға арналған жаттығулар мен ойындарды үй жағдайында қолдану ұсынылсын.
2. Төтенше жағдайларға дайындық мақсатында ата-аналар мен оқушыларға арналған нұсқаулықтар таратылсын.
3. Жеке қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру бойынша ата-аналар мен оқушыларға арналған тренингтер ұйымдастырылсын.
4. Барлық сынып жетекшілері ата-аналармен тұрақты түрде қауіпсіздік тақырыбында әңгімелер жүргізсін.

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *