2025 жылдың 13 наурызында қалалық №1 емханасының балалар фтизиатры Мусина Эльвира Камильевнамен кездесу өтті. Кездесу барысында оқушыларға туберкулездің алдын алу, аурудың алғашқы белгілері және денсаулықты сақтау жолдары туралы маңызды ақпарат берілді. Дәрігер салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығын атап өтіп, балалардың сұрақтарына жан-жақты жауап берді. Бұл шара оқушылардың медициналық сауаттылығын арттырып, өз денсаулықтарына деген жауапкершіліктерін нығайта түсті.
