2025 жылдың 5 желтоқсанында “Н.Марабаев атындағы №7 мектеп-лицейінде” #серіктес мектептер желісі аясында «Қазіргі замануаи оқыту стратегиялары: Lesson Study және ЖИ/БЖБ және ТЖБ тапсырмаларын құрастыруда қолдану» тақырыбында семинар өткізілді.
Семинардың мақсаты – заманауи оқыту стратегияларын (Lesson Study) және жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді пайдалана отырып, БЖБ/ТЖБ тапсырмаларын әзірлеу дағдыларын дамыту, мұғалімдердің тәжірибе алмасуын ұйымдастыру және бағалау материалдарын әзірлеудің заманауи тәсілдерін талқылау.
Семинар барысында қатысушылар:
• Жасанды интеллектті қолдану арқылы БЖБ/ТЖБ тапсырмаларын әзірлеудің практикалық әдістерімен танысты;
• Lesson Study аясында талдау және рефлексия дағдыларын нығайтты;
• Білім сапасын арттыруға арналған цифрлық құралдардың мүмкіндіктерін зерделеді.
Іс-шараға қала мектептерінің мұғалімдері, әдіскерлер, директор орынбасарлары және мектеп директорлары қатысты.
