Skip to content

2025-жылдың 23-ақпаны күні АПҚО-ның кезекті отырысы болып өтті. Сабаққа бастауыш…

2025-жылдың 23-ақпаны күні АПҚО-ның кезекті отырысы болып өтті. Сабаққа бастауыш сыныптың 25, 5-9 сыныптың 42, 10-11 сыныптың 37 ата-анасы қатысты.
1-4 сынып оқушыларының ата-аналарына
Тақырыбы: Баланың өзінің және басқа адамдардың сезімін түсінуге үйрету тәртібі

Күн тәртібі:

Баланың дамуындағы қайғы-қасірет және оның рөлі.

Баланың және басқа адамдардың сезімін ашық қарым-қатынас, құрметтеу және түсіну.

Баланы жанжалды шешуге үйрету, ата-аналарға кеңес беру.

Талқыланған мәселелер:
Ата-аналарға балалардың эмоционалдық жағдайын түсіну және оларды қолдау әдістері түсіндірілді. Баланың сезімін қабылдау және жанжалдарды конструктивті шешу жолдары қарастырылды.

5-9 сынып оқушыларының ата-аналарына
Тақырыбы: Бүлдіретін сыртқы әсерлерге балаланың қарсы тұруы

Күн тәртібі:

Экстремистік идеологияларға байланысты тәуекелдер мен қауіптер: Кейс-зерттеулер.

Рухани иммунитетті қалыптастырудың негізі ретінде сыни ойлау және эмоциялық интеллект.

Балалардың санасы мен мінез-құлқын дерадикализациялау тәсілдері.

Отбасы мен мектептің профилактикалық қызметінің тиімді стратегиялары, ашық қарым-қатынасты ынталандыру және бірлескен іс-шараларға қатысу.

Талқыланған мәселелер:
Ата-аналарға балаларды сыртқы кері әсерлерден қорғау жолдары, рухани иммунитет қалыптастырудың маңыздылығы түсіндірілді. Мектеп пен отбасының бірлескен әрекеттерінің тиімділігі атап өтілді.

10-11 сынып оқушыларының ата-аналарына
Тақырыбы: Тұлғаның қалыптасуы: тәуелсіздікке құқық

Күн тәртібі:

Ата-анадан бөлінудің маңыздылығы мен кезеңдері.

Бөліну түрлері: эмоциялық, практикалық, құндылық, қайшылық.

Бөлінуге әсер ететін факторлар.

Ата-ана мен жасөспірім қарым-қатынасындағы шекара маңыздылығы.

Талқыланған мәселелер:
Жасөспірімдердің жеке тұлға болып қалыптасуындағы ата-ана рөлі мен қолдаудың қажеттілігі талқыланды. Ата-аналарға шекараларды орнату, түсіністік пен сенімді қарым-қатынас құрудың маңызы түсіндірілді.

Қорытынды:
Жиналыс соңында ата-аналарға ұсыныстар беріліп, сұрақтарына жауап берілді. Әр деңгейдегі оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеріп, ата-аналармен тұрақты байланыс орнату туралы шешім қабылданды.

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *