2025 жылдың 9-желтоқсан күні «Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасының жоспарына сай Желтоқсан айы, «Бірлік және ынтымақ» құндылығы мен «Ұшқыр ой алаңы» жобасы аясында тақырыптық дебат өткізу «Жастар неге шет мемлекетте білім алуға құмар?» тақырыбында Кажкенов О.А. жетекшілік ететін дебат клубының қатысушылары ойын өткізді. Дебат барысында оқушылар шетелдік білім жүйесінің артықшылықтары, халықаралық тәжірибе жинаудың маңызы, сондай-ақ отандық білімнің мүмкіндіктері туралы жан-жақты талқылады. Қатысушылар аргументтерін нақты фактілермен, мысалдармен негіздеп, өз пікірлерін мәдениетті түрде қорғап шықты. Шараға 58 оқушы көрермен ретінде, 6 оқушы спикер ретінде қамтылды.
Шараның мақсаты — оқушылардың сыни ойлау қабілетін дамыту, әлеуметтік және білім беру тақырыптарында еркін пікір алмасуды ұйымдастыру, жастардың болашаққа деген көзқарасын қалыптастыру және шешендік өнерін жетілдіру болды.
