2025 жылдың 8-желтоқсан күні «Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасының жоспарына сай Желтоқсан айы, «Бірлік және ынтымақ» құндылығы аясында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша ақпараттық жұмыс жүргізу бойынша мектеп мұғалімдерінің қатысуымен кездесу өтті. Шараға 58 мұғалім қамтылды.
Шараның мақсаты — педагогтер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру, құқықтық мәдениетті арттыру, адалдық, әділдік және жауапкершілік құндылықтарын нығайту. Сонымен қатар, жемқорлықтың алдын алу бағытындағы тиімді тәсілдермен таныстыру, қоғамда ашықтық пен парасаттылық қағидаттарын кеңінен насихаттау көзделді.



